Русский Сайттың толық нұсқасы

Әзілкеш Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек үйленуге қалай ұсыныс жасағандарын айтты

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2023
  • 993

Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек үйленуге ұсынысты қалай жасағандарын жеткізді. Бұл туралы олар Қызық times бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Мен өзімнің келіншегімді 11-сынып бітірген кезде кездестірдім. Бір көргеннен "мен саған үйленемін" дедім. Ол әңгіме 2001 жылы болған мен оған 2010 жылы үйлендім. Алғашқы көрген махаббат. Ол қаланың жанында тұратын, менің қолымда гүл, ол жерге лимузинмен барғанмын. Жолы жаман екенін білмедім. Батпақпен үйіне дейін бардым. Қалаға мейрамханаға алып келіп, сол жерде маған күйеуге шық деген ұсыныс жасаған болатынмын. Одан кейін романтика мүлдем болған жоқ", - дейді әзілкеш Марат Оралғазин.

Ал Еркебұлан Мырзабек телефон арқылы өзінің енесімен танысқанын жеткізді. 

"Мен телефонмен хабарласа бердім, бір кезде анасы жауап берді. Мен де саспай "қызыңыз қайда?" деп сұрадым. "Кім екен хабарласып тұрған?" десе, "бұл сіздің болашақ күйеу балаңыз" дедім. Енем - алтын адам. Ол кісі де маған:"балам ол бос емес" деп жауап берген соң, мен де ішімнен "анасын көндірдім, өзі қайда барады?" деп ойладым. Қазір шүкір, үйде 2 баламен отыр", - дейді Еркебұлан Мырзабек.