Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Байқоңыр» ауданының 5 жылдығына орай мерекелік жиын өтті

Байқоңыр ауданының құрылғанына – 5 жыл! Атаулы мерейтой мен Астана қаласының 25 жылдығына орай шаһар тұрғындары мен қонақтарына мерекелік концерт ұйымдастырылды. Расында, бұл аудан аз уақыттың ішінде елордадағы елеулі өзгерістердің бастамашысы бола білді. Экономика, құрылыс секторы жаңаша жұмыс істей бастады. Көші-қон процесі өзгерді. Сәулеті де сән беріп тұр. Мұндағы бірқатар нысан әлемдік деңгейдегі ғимараттардан кем түспейді.

Ерлан ЖАУЛЫБАЕВ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

5 жылдан бері барлық ескі аймақтағы, қаланың шеткі аймақтарында бұрын болмаған барлық абаттандыру жұмыстары, кәріз жүйелерін ретке келтіру, су мәселесі, электрмен жабдықтау мәселесі барлығы қазір қолға алынып жатыр.

Ауданның 5 жылдығына арналған мерекелік концерттің бағдарламасы ауқымды. Ән де, би де бар. Салтанатты шара барысында осы ауданда еңбек етіп келе жатқан түрлі сала мамандары да марапатталды. Көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқа табысталды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ, "ЕЛОРДА АҚПАРАТ" ЖШС ТІЛШІСІ:

Аудан әкімдігі тұрғындармен бірлесіп атқара берсе екен деп ойлаймын барлық жұмыстарды. Алдағы уақытта жеңістер, жемістер көп болсын. Барлық бүгін марапат алған адамдарды құттықтаймын. Ортақ игілікте атқарып жатқан жұмысымыз жемісті болсын.

Ғарыш орталығының аты берілген ауданда 240 мың тұрғын бар. 5 жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 35 үй жөнделді. 200-ге жуық аула абаттандырылып, отыз мың түп ағаш егілген. 92 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 20 жабық аялдама орнатылды. Бұл – тек әкімдіктің ғана емес, халықпен етене жұмыс істеп жүрген түрлі сала мамандарының еңбегі.

Ерсана ӘКІМБЕКОВА, «НҰРА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Үнемі халықпен тығыз жұмыстамыз. Халық маған алғысын айтады. Керісінше мен оларға алғысымды айтамын. Өйтенім, мына біздің істеп жатқан қызметіміз сіздердің көмектеріңіз болмаса, менде ешқандай жұмыс жүрмейді деп айтамын.

Астана – ел жүрегі. Сарыарқа төріндегі асқақ қала. Оның қарыштап дамуы мен еңсесін тіктеуге елордалықтардың қосар үлесі ұшан-теңіз. Әр ауданның дамуы – бас қалалының асқақтауына себеп болары сөзсіз.