Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ұлынан гөрі сені қатты жақсы көретін секілді". Әнші Kalifarniyaның әйелі көпшілікті тәнті етті

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2023
  • 1196

Kalifarniya лақап атымен танымал Фархат Қалиев күні кеше үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Әлеуметтік желіде әншінің келіншегі Анельдің енесіне еркелеген видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Анель келіндік өмірінің алғашқы күні туралы айтып, TikTok парақшасына видео жариялады. Ол өзінің тамақ жасай алмайтындығын, бірақ ата-енесі оны қолдайтынын жеткізді. Бұл видео желіде 1,9 миллион қаралым, 210 мың лайк жинады.

"Мен күйеуіммен, ата-енеммен бірге тұрамын. Біз қазір тамақ әзірлейік деп жатырмыз. Негізі менің тамақ жасай алмайтынымды бәрі біледі. Мамам менің ет жемейтінімді біліп тауық етін сатып алып келіпті. Мені осылай еркелетеді", – дейді жас келін.

Ол қайын атасы және енесімен таныстырды. Бейнежазбадан енесінің келінін бетінен сүйіп, еркелетіп жатқанын көруге болады. Мұны көрген желі қолданушылары ене мен келіннің бір-біріне деген сыйластығына риза болды.

"Жаңа папаң мен мамаң сізді Фархаттан қатты жақсы көретін сияқты", "Осындай ата-ене бұйырсын", "Ата-енеңіз жақсы адамдар екен", "Сіз үшін қуаныштымыз", "Неткен керемет жандар", "Бақытты болыңыздар", – деп жазды олар.