Бүгін Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен теңіз деңгейінен 3800 м биіктікте 1967 ж.т. жоғалған адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта оны жаяу түсіру жұмыстары жүргізілуде. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатуда. Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысының Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін құтқарушылар шыңнан түсу кезінде таудан құлап түскен туристті іздеу жұмыстарының видеосымен бөлісті.
«Құтқару-іздестіру жұмыстары үздіксіз жаңбыр, бұршақ араласқан қар түріндегі ауа-райының қолайсыздығымен қиындады. Айта кету керек, жолдың кейбір бөліктері шамамен 70 градус бұрышты құрайтын биік шатқалдардан тұрады, бұл қар аралас жауын-шашынның салдарынан құтқарушылардың жоғары қарай көтерілуін қиындатады», - делінген хабарламада.