Теміртауда пәтердегі өрт сөндіріліп, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 шілде, 19:57 Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы 9 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы пәтерде 5 шаршы метр аумақта үй заттары, жиһаз жанды.
Өрт сөндірушілердің күшімен 1991 жылғы пәтер иесі және оның 2015 жылғы жиені жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Өкініштісі, реанимациялық шаралар зардап шеккендерге көмектеспеді. Ер адам мен қыз бала қайтыс болды.
Өрт сөндірушілердің күшімен баспалдақпен 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 20:33-те сөндірілді.
Өрттің алдын ала себебі - ашық от көзі, балалардың отпен ойнауынан да болуы мүмкін.