Русский Сайттың толық нұсқасы

"Анамның қасына көшіп келдім": пәтер жалдап шаршаған танымал боксшы көз жасын тоқтата алмады

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2023
  • 725

Бокстан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев бүгінге дейін пәтер жалдап, қымбатшылық қысқан соң анасының қолында тұрып жатқанын айтты. Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бір апамның баласы боксшы екен. Сол кісі төрт ай бойы ақша алған жоқ. Ондай ұсақ-түйектер көп қой. Ол кезді еске алатын болсақ... Ол кезде жақсы екен. Өз үйің сияқты тұра бересің. Өмір де басқаша, арзандау сияқты еді. Қазір бәрі қымбаттап кетті. Сол қымбатшылық кесірінен қара шаңырағымызға ұшып бардық. Сол жақта інім тұрады, келін тұрады. Біз де бала-шағамызбен тұрамыз. Анам бар. Құдайға шүкір", - деді боксшы.

Бұдан бөлек, боксшы спортты қойған соң еш жерге жұмысқа тұра алмағанын, мемлекеттен берілетін жалақыны дереу алып тастағанын да мәлімдеді. Айта кетелік, бұған дейін спортшы өзінің Шымкентте он пәтерге дейін ауыстырған кезін еске алды. Сондай-ақ, ол Бейжің Олимпиадасында жеңіп алған қола медалін мұқтаж отбасыға тарту етті.