Боливияның шығысында ұлттық саябақ өртеніп жатыр. Оның 4 мың гектардан аса аумағы күлге айналған,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Саябақтан шыққан қою қара түтін айналаған тарап, тұрғындардың мазасын алды.
Тілсіз жау Бразилия мен Парагвай шекарасына жақын маңда тұтанған.
Құтқарушылар күні-түні қызыл жалынмен күресіп жатыр. Алайда жағдай әлі бақылауға алынған жоқ.