Русский Сайттың толық нұсқасы

ІІМ: Шүменов 5 жылға сотталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2023
  • 991

ІІМ қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты оқиғаны тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ведомство өкілі 18 маусымда Астанада Mega Silkway сауда орталығындағы кафенің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, қонақтардың бірі екіншісін ұрғанын мәлімдеді.

"Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша соталды тергеу басталды, ол бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Ішкі істер органдары барлық қажет тергеу-жедел іс-шараларын жүргізеді, олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі", - делінген ІІМ хабарламасында.