Русский Сайттың толық нұсқасы

50-ге жуық компания жұмыс ұсынды: Алматыда «Жастарға-жұмыс» жәрмеңкесі өтті

Алматыда 50-ге жуық компания жастарға жұмыс ұсынды. Бүгін қаланың қақ ортасындағы алаңда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Мегаполистегі жұмыссыздардың тең жартысына жуығы жастар. Ал осы жылы қала бойынша 178 мың студент жоғары оқу орнын бітірген.

Аружан ЖҰМАҒАЛИЕВА, СТУДЕНТ:

Осындай жәрменкелердің арқасында жастарға, жұмыс іздеп жүрген, бос жүрген адамдарға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Мұндай ақпараттарды көп жерде бере бермейді. Мен жалпы банкта жұмыс жасағым келеді. Өте көп мүмкіндік. Осы компанияларға бүгінгі жәрменкеге келген кірем деп үміттенемін.

Сондай-ақ шара барысында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Мұнда қала тұрғындары депутаттармен жолығып, кез-келген мәселе бойынша кеңес ала алды. Бұл «Жастарға жұмыс» бағдарламасы аясында «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті.

Әкежан КЕҢЕСОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырғандай Арбат алаңында 50-ге жуық ірі кәсіпорын өкілдері қатысып отыр. Қазіргі таңда енді өте өзекті болып отырған мамандықтардың қатарына негізі жұмысша мамандықтары келеді. Жаңағы Аспазшы болсын, тігінші болсын, көбінесе жастар бара бермейтін мамандық шыны керек. Өте көп керек, жастарды таппай жатады, немесе кейде жастарға информация жетіспеуі мүмкін.