АҚШ-та
өткен «Ядролық қауіпсіздік» саммиті бірқатар оң бастамаларға жол ашты. Бұл
жиынға Қазақстанның да қатысқаны белгілі. Мәселен, әлемнің 13 мемлекеті ядролық
қарудан ресми түрде бас тартса, 3 мың метрлік тонна жоғары байытылған уран мен
плутоний қауіпсіз қоймаға жеткізілген.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен
брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев осындай
мәліметімен бөлісті. Ресми Вашингтон Қазақстанның ядролық қаруды таратпау
жолында атқарған іс-қимылдарын жоғары бағалаған.
Еске салсақ, 31 наурызда
Вашингтонда екі күнге созылған 4-ші «Ядролық қауіпсіздік» саммиті өткен еді.
Оған 50 елдің жетекшілері қатысқан. Нұрсұлтан Назарбаевқа қауіпті қарудан
ерікті түрде бас тартқан елдің басшысы ретінде бірінші болып баяндама жасау
мәртебесі берілді.
Ержан
Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Ядролық
қарудан азат болуды 13 мемлекет қалады. Қазір олардың аумағында сақталған
жоғары байтылған уран мен плутоний қоры түгелдей қауіпсіз жерге шығарылды.
Ондағы күзетте күшейтіліп жатыр. Қазір 32 жарылғыш заттарды сақтау қоры мен 328
халықаралық бекетте радиациялық бақылау жүйесі қойылды. Жалпы саммитте
Қазақстанның белсенділігі мен беделі де ерекше бағаланды.
Құралай ПИОНЕР