Сауль Альварес Геннадий Головкинмен келер жылы қолғап түйістірмек ниетте. Мексикандық былғары қолғап шебері өзінің 2017
жылғы кездесулер кестесіне Головкинмен қатар Билли Джо Сондерсті де қосып қойған.
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы
чемпион американдықпен мамыр айында, ал қазақстандықпен қыркүйекте кездесу
өткізем деп жоспарлап отырған көрінеді. Негізі оның «трипл G»-мен кездесуі биыл
болуы мүмкін еді, алайда, «Канело» өзінің чемпиондық белдігін шаршы алаңда
жүздеспестен берген болатын.
Енді жерлесіміз шаршы алаңға тек 2017 жылы шығады
деп жоспарланған. Себебі WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион, американдық Дэниэл Джейкобстің
менеджерлерімен келісім тым ұзаққа созылып жатыр.