Желі қолданушылары жас әнші Ділнәз Бердәлиеваны марқұм әнші Жанар Хамитоваға ұқсатты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жазып, тағдыры олай қайталанбауын тілеген.
"Жанар әпкемнің дүниеден озғанына 3 жылдан асып кетіпті… Уақыт деген қандай иә? Біз адам баласы алдымызда қандай сынақ, қандай қиындық немесе қуаныш пен шаттық күтіп тұрғанын білмейміз… Бір-ақ берілетін өмірді мәнді де сәнді етіп сүруімізді Алла жазсын. Жанар әпкеме сырт келбетім я болмаса даусым, шашым ұқсаса да тағдырым ұқсамасын", - деп жазды ол.