Русский Сайттың толық нұсқасы

Крит аралында туристке оқ тиді

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2023
  • 1249

Крит аралының Апокоронас ауылындағы тавернада түскі ас ішіп отырған швейцариялық саяхатшыға кездейсоқ оқ тиді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі cretalive.gr жаңалықтар порталына сілтеме жасап.

"Оқ саяхатшының иығына тиді. Қуанышқа орай оның жарақаты жеңіл болған", - деп жазды сайт тілшілері.

Полиция болжамы бойынша, оқ мәдение шара кезінде атылған болуы мүмкін, себебі әлі күнге дейін дәстүр бойынша қуанышты жағдай кезінде ауаға қарудан оқ ату әдетке айналған.