Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Есентай өзені арқылы өтетін көпір 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі

Алматыда Есентай өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. 9 қатар арқалық жаңартылды. Келесі кезеңде 33, ал 30 тамызға дейін тағы 36 -сы жаңартылмақ. Көпірді жөндеумен айналысатын құрылыс компаниясы мұндай жұмыс әдетте 9 айға созылатынын айтады. Бірақ көлік кептелісін болдырмау және азаматтарға қолайсыздық тудырмау үшін жұмыстар жеделдетілген қарқынмен осы жазда аяқталады. Ол үшін күндіз-түні жұмыс істейтін бірнеше құрылыс бригадасы жұмылдырылған.

Родион ТЕН, «ҚАПШАҒАЙ КӨПІР ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ» ЖШС БАСШЫСЫ:

Көпірдің астынан тіреуіш құрылымдар мен қабықтарды, ойықтарды, бетонының шайылуын, сонымен қатар арматураның әсерінен қорғаныш қабаттың бұзылуын көруге болады. Анықталған ақаулар негізінде көпірдің жалпы жағдайы «қанағаттанарлықсыз» және «өте ауыр» деп бағаланады, яғни апатты. Егер әкімдік көпірді толық қалпына келтіру туралы шешімді қабылдамағанда, көпір опырылып қалар еді.

Көпір 80-ші жылдардан бері жөндеу көрмеген. Жыл сайын жолды жаңартқан кезде көпірге жаңа асфальт төселіп, қондырмаларға қосымша күш түсірген. Өткелді қайта жаңарту кезінде көлік жолақтарының саны 6-дан 8-ге дейін ұлғайып, жол кеңейеді. Қала әкімі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандустарды орнатудың маңыздылығына да назар аударды. Тексеру қорытындысы бойынша көпірді 1 қыркүйектен бастап іске қосуды тапсырды. Жаяу жүргіншілер көпірлерін салу жұмыстары қазан айының ортасына дейін аяқталады. Сонымен қатар, қала басшысы келесі жылдың ақпан айына дейін қала тұрғындарының жайлылығы үшін іргелес аумақты абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.