Мобилограф Қыран Талапбектің екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш бөлмесіне рум-тур жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны Гүлзада Тұрлаш TikTok-та жүктеді. Роликте Қыран мен Гүлзаданың бөлмесіндегі есік саусақ іздері арқылы ашылатынын көруге болады. Гүлзада алдымен бөлмені көрсетіп, артынша гардероб пен жуынатын бөлмелерін көрсетеді. TikTok қолданушылары гардеробтың өзі бір бөлмедей екенін жазған.
"Ал, көптен күткен рум-тур. Бұл бөлмені күнде жинаймын. Гардероб өте үлкен", - дейді Гүлзада.
Желі қолданушылары Гүлзаданың рум-тураны қатысты түрлі пікір жазған.
"Гардеробқа қарасам, бұрыннан осы үйде тұратын адам сияқты ғой"
"Гардероб менің үйім сияқты екен"
"Жұғысты болсын"
"Үйдің бөлмесі емес, қонақүй ме деп қалдым", - дейді желі қолданушылары.