Шымкентте
жылу ақысы қымбаттауы мүмкін. «Қуат жылу орталық-3» мекемесі тарифті 30 теңгеге
өсіріп, әр шаршы метрі үшін 139 теңге 63 тиынға көтеруді сұрап отыр. Қазір қала
тұрғындары 109 теңге төлейді. Егер бағаны көтермесе, шығынға шаш етектен
батуымыз мүмкін, - дейді қаланы жылумен қамтамасыз етушілер.
Қайрат
Досжанов, «Қуат жылу орталық-3» МКМ директорының орынбасары:
139,63 - бұл құн салығын қоса есептегендегі бағасы. Ал НДС-сіз болатын болса, 124 теңге 67 тиынға жоғарылатуға ұсыныс жасап жатырмыз. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, қазір барлық коммуналдық
қызметтер қымбаттады. Қазір алатын болсақ, ТЭЦ-тің өзінің тарифі 17,8 пайызға қымбаттағаннан
кейін, біз бұл жерде, былайша айтқанда, ештеңе үстіне қосып жатқан жоқпыз. Тек сол
көтерілген тарифтерді қоса осындай ұсыныс жасап отырмыз.
Қазір
жылу таратушының ұсынысы қаралып жатыр. Бәсекелестікті қорғау департаментінің
өкілдері, жылу өндіруге қажетті көгілдір отынның осы жазда қымбаттауын
ескермеске тағы болмайды, деп отыр.
Шырынәлі
Үсенов, ОҚО табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
департаменті басшысының орынбасары:
Біріншіден, жылудың бағасы өзгеруіне байланысты. Одан кейін айлық мәселесі бар. Айлық біздің
регионда өте төмен. Айлық сұрап отыр. Ремонт жұмыстары, былтыр бірнеше
рет авария болып, ондай апаттар болмауы үшін биыл ақша сұрап отыр. Бірақ
оның бәрін біз қарап, статьяларының бәрін тазалап қалдырып отырмыз. Мен
ойлаймын, сол 30 теңге емес, 10-15 пайызға өзгеруі мүмкін.