Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары Алматы облысындағы шекара бекетінде әскери дайындықтан өтіп жатыр

Мәжіліс депутаттары әскердегі қызметті жақсартып, жетілдіру үшін сарбаздардың өмірін өз көзімен көріп, жаттығуларға қатысуда. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері 5 күннен бері курсанттардың лагерінде әскери дайындықтан өтіп жатыр. Халық қалаулылары 31 шілдеге дейін осында болады, ішкі тұрмыс-тіршілікті бақылай алады. Сонымен қатар депутаттар жас курсанттармен әңгімелесіп, сұрақ-жауап өткізуде.

Максим РОЖИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Курсанттар өте саналы, жүйелі сұрақтар қойып жатыр. Біз осы жерден көрген-түйген, жазып алған, түртіп алған дүнинлерді мәжіліске барғанда міндетті түрде көтеретін боламыз. Жағдайды, техникалық жабдықтауды жақсарту керек. Мына заставада жүрген азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту керек, біраз нәрсені біз осы уақытқа дейін жоғалтып алдық. Сол нәрселерді қайтып қалпына келтіру керек деп ойлаймыз.

Оқу-жаттығудың келесі кезеңі шекарада өтеді. Депутаттар екі топқа бөлініп, Қытай және Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы әскери бөлімдерде зерттеуін жалғастырады.