Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 1,5 миллиард теңге автокөлік салығы төленбеген

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2023
  • 3142

Шымкент қаласында бүгінгі таңда 36 мыңнан астам азамат автокөлік салығын төлемей жалтарып жүр. Салдарынан шаһар қазынасы 1,5 миллиард теңгеге жуық кірістен қағылып отыр.

Қордаланған қарыздарды өндіру мақсатында шаһарда арнайы рейдтік тексерістер басталды.

Берешегіне қарамай Шымкент көшелерінде жүйіткіп жүрген автокөліктер осылай жол полицейлерінің құрығына ілігуде. Полиция департаментінің жедел басқарау орталығы салықтан сытылып кеткісі келгендерді ақпараттық база арқылы бірден анықтап беруде.

Сондай-ақ "Сергек", "Интегра" және "Қорғау" жүйесі арқылы да айыппұл төлемегендер құрыққа ілініп жатыр. Жалпы Шымкент қаласы бойынша салық департаментінде 300 мыңдай автокөлік тіркелген. Оның 36 мыңы астамы өткен жылғы салығын төлемеген.