Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте келіні қайын атасының атына екі несие рәсімдеп, ақшаны өзі иемденіп алған

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2023
  • 1052

Шымкенттік келін қайын атасының атына екі рет несие рәсімдеп, ақшаны өзі иемденіп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Абай ауданының тұрғыны полицияға өзінің атына заңсыз несие рәсімделгені туралы арызбен жүгінді. Ер адамның айтуынша, ол кезекті төлем туралы хабарлама келген кезде несие туралы кездейсоқ білген.

"Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтау үшін бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді. Жәбірленушіден, оның отбасы мүшелерінен және әріптестерінен сұрақ-жауап алынды. Смартфонын көбіне қайда және қашан қалдырғанын, жеке деректерін кімге жария еткенін, сондай-ақ ақша аударымдары тексерілді. Нәтижесінде күдікті анықталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс тіркелді", – делінген хабарламада.

Несиені рәсімдеген жергілікті тұрғынның өз келіні болып шықты. Ол өзінің ісі туралы қайын атасының біліп қойғанын байқап, Түркістан облысындағы туыстарына қашып кеткен. Полиция қызметкерлері оны мегаполиске жеткізді. Әйелдің қайын атасының телефоны арқылы интернет-банкингті жасырын пайдаланғаны белгілі болды.

"Бірнеше ай ішінде әйел туысының атына жалпы сомасы 750 мың теңгеге тауар алу үшін 2 несие рәсімдеген. Оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, қаражатты өз шотына аударып алған. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді Абай аудандық полиция басқармасының анықтаушысы Серік Жантаев.