Русский Сайттың толық нұсқасы

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2023
  • 2446

Синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 22-24 шілдеде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі.

22 шілдеде еліміздің шығысында, 22-23 шілдеде республиканың солтүстігінде күн күркіреп, екпінді жел соғады деп күтілуде. Синоптиктер температуралық фон бойынша күрт өзгерістер болмайтынын болжады.

Демалыс күндері Алматыда жауын-шашын күтілмейді. 23 шілдеде ауа температурасы күндіз +36 градус ыстық болады. Астанада алдағы күндері көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаууы ықтимал.

Жексенбіде күндіз ауа температурасы +30 градусты көрсетеді. Үшінші мегаполис - Шымкентте аздаған бұлт шыққанымен, аптап ыстық жалғасады. Демалыс күндері күндіз +38 градусқа дейін күн ыстық болады деп күтілуде.