Русский Сайттың толық нұсқасы

Әйелдің көзге шөп салғанын қалай білуге болады

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2023
  • 6014

Отбасылық қарым-қатынаста адалдық өте маңызды аспект. Бұл ретте сарапшылар әйел адамның мінез-құлқындағы өзгерістер оның сізге деген сезімінің сууын білдіруі мүмкін екенін айтады, деп жазды kaz.nur.kz.

Әйелдің көзге шөп салуының алғашқы белгілері қандай? Көңіл-күйдің тез ауысуы, жылау, күйеуіне шектен тыс қамқорлық танытуы немесе керісінше сын айту, гаджеттерін ешкімге бермеуі, болашаққа бірге жоспар құрмау сияқты өзгерістер әйелдің сезімінің суып кеткенін білдіруі мүмкін.

Көңіл-күйдің құбылмалы болуы

Әйелдің көңіл-күйінің өзгермелі болуы тек гормондарға байланысты емес, ойының басқа жақта болуымен де байланысты. Сіз білмейтін эмоцияларды бастан кешіріп жүрген болуы бек мүмкін. Жаңа махаббаты жайлы жүзіне күлкі сыйласа, сол сәтте-ақ күйеуі бар екені, әрі қарай не істеу керек екенін ойлап, жүзін мұң торлауы мүмкін.

Себепсіз жылау

Көп әйелдер мұндай ситуацияда жастарына ерік береді. Көп ер азамат бұл көз жасы себепсіз деп ойлауы мүмкін. Егер әйел көз жасының себебін түсіндіре алмаса, бұл сізге күдік ұялатуы керек. Мүмкін әйеліңіз сізге шындығын айта алмай немесе "сүйіктісімен" байланысын қалай тоқтату керек екенін білмей жүр. Қандай нұсқа болса да, жылауының себебін біліп алғаныңыз дұрыс. Сө

Сыртқы келбетіне көп көңіл бөлу

Шери Стритофтың пікірінше өз-өзіне көңіл бөлу жағымды әдет болса да, екінші жағынан күмән туғызатын іс-әрекет болуы мүмкін. Егер әйеліңіз сыртқы келбетіне шамадан тыс көңіл бөлсе, ол да сіздің көзіңізге шөп салуының бір белгісі деп ой түюге әбден болады.

Сондықтан, егер сіз осыған дейін әйеліңіздің құрбыларымен кездесуге қандай киім киетінін байқамасаңыз, алдағы уақытта назар аударып жүріңіз.

Күйеуіне үнемі сын көзбен қарау

Әйеліңіздің сізге мінез көрсетуі, ісіңізді жаратпауы – сізді жақтырмауының себебі деп қабылдаңыз. Ол қарапайым ұсақ-түйекке немесе салмақты іске байланысты да болуы мүмкін. Оған сіздің ас ішуіңіз, демалғаныңыз, сөйлеу мәнеріңіз де жағымсыз болып көрінуі мүмкін.

Ой үстіндегі әйел. Көрнекі сурет

Ой үстіндегі әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Гаджеттерін ешкімге бермейді, бақылауда ұстайды

Әйелдер опасыздығын қалай жасырады? Шон Галланың айтуынша, гаджеттерін тығып ұстау, код қою, құпия іс-әрекетін жасырудың классикалық әдісі. Әйеліңіз аяқ астынан ұялы телефонын тастамай, пароль орнатып жүрсе, сізден жасырын біреумен сөйлесіп жүруі мүмкін. "Кіммен сөйлесіп отырсың?" деген сұраққа: "жұмыс бабымен" немесе "құрбыммен" деп жауап беруі мүмкін.

Көп уақытын үйден тыс жерде өткізу

Егер әйеліңіз жұмыстан кеш келуді әдетке айналдырып немесе құрбылармен кездесудемін деп күйеуіне көңіл бөлмей кетсе, опасыздықтың белгісі болуы мүмкін. "Жұмыстан кеш келемін", "бүгін менде ағылшын курсы", "құрбыларыммен кездесудемін" деп үй шаруаларынан қашуы, бос уақытын өзіне жайлы өзге адаммен өткізгісі келетінінің белгісі деп қабылдауға болады.

Ұсақ-түйекке бола жалған сөйлеу

Әйеліңіздің көзіңізге шөп салатынын қашықтан қалай білуге болады? Некедегі өтірік - опасыздықтың ең бірінші белгісі. Бұл өтірік айту көзге шөп салумен бірге, басқа да шындықтың бетін ашуы мүмкін:

Кенеттен сіз әйеліңіздің көп жағдайда өтірік айтқанын ұғасыз.

Әйеліңіздің кіммен, қайда болғанын сұрағанда, оның дауыс ырғағының өзгеруі.

Әйеліңіздің достары сізге күмәнді болып көрінеді.

Жұбына опасыздық жасағандар өтірік пен шынды тез ажырата алатын қасиетке ие.