Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде тоғыз жасар қызды зорлаған көршісі сотталды

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2023
  • 1095

Семейде тоғыз жасар қызды зорлаған педофилге үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі abainewskz-ке сілтеме жасап.

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 жасар қызға сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасаған 48 жастағы ер адамға үкім шығарды.

Өзі мойындамаса да, оның кінәсі сараптама нәтижесі және іс аясында жиналған басқа айғақтар арқылы толық дәлелденген.

Сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Еске салайық, 2022 жылғы тамыз айында Абай облысында жантүршігерлік жағдай болған. Баланың анасының айтуынша, кішкентай қызды көрші тұратын 48 жастағы ер адам зорлаған. Қыз ауыр жарақат алған.

Сотталушы үйленген, балалары бар.