23 шілдеде сағат 21.57-де Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Көктал ауданында жатақхана жанып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 20 шаршы метр алаңда 2 қабаттағы бөлмелердің бірінде өрт шыққаны анықталды. Өрт тез таралды, жоғарыдағы бөлмелерді түтін басты. Өрт сөндірушілер қою түтін арасында жұмыс істеді, - делінген Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен үш иінді көтергіш арқылы 2 адам аман-есен құтқарылды.
Жатақхананың 60 тұрғыны эвакуацияланды.
ТЖД күштерімен өрт 22.28-де оқшауланып, 22.48-де сөндірілген.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 41 адам мен 9 бірлік техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.