Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейдегі Лениннің бастары тұғырынан алынды

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2023
  • 1648

Семейде ескерткіштер аллеясы 2010 жылы ашылған. Оның ішінде бір кездері Семейдің орталық алаңында тұрған Лениннің биіктігі 15 метр ескерткіші де бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Семейдегі сол саябақтардың бірінде тұрған Ленин бюсттері алынды. Әкімдік ол жөнінде ақпаратты кешке таратып, ескерткіштер реставрациядан соң орнына қойылатынын айтты.

"Кейбірі айтарлықтай зақымданғандықтан реставрация жасау керек болды. Содан соң барлық ескерткіш орнына қондырылады", - дейді әкімдік.

Айтылғандай Жамақаев көшесіндегі саябақта Кеңес тарихының ескерткіштері Ленин, Киров, Фрунзе, Маркс бюсттері бейнеленген еске алу аллеясындағы ескерткіштер республикамызда алғаш рет Семейдегі орталық алаңнан алынды. Қазіргі уақытта аталған учаскеде жалпы ұзындығы 214 га құрайтын қоғамдық кеңістікті жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар басталды.

Бұл көрініске халық пікірі екіге бөлінді. Қазақстанда коммунистік идеологияның ескерткіштері тоталитаризм мен отаршылдық символы іспетті бұл ескерткіштерден арылу керек дейтіндер де, кейінгі ұрпақ сабақ алуы үшін қалғаны дұрыс деп есептейтіндер де бар.

"Көптен халықтың көкейінде жүрген мәселе еді. Осы күнге дейін айтпаған, жазбаған адам жоқ шығар. Бұл қоғамның жеңісі. Жаңа Қазақстанның көрінісі. Осы алаңға Алаш қайраткерлерінің белгілі тұлғалардың бюстары қойылса нұр үстіне нұр болар еді", деп пікір білдірді ақын Мерей Қарт.

Ақынның пікірін оның әріптесі, ақын, Абай облыстық мәслихатының депутаты Шағангүл Жанаева да қолдап, қуанышын білдірді.