Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордаға өзге елден келген азаматтардан қызылша анықталды

Елордаға келген 12 шетел азаматынан қызылша анықталды. Олар Египеттен, Өзбекстаннан, Әзербайжаннан және Тайландтан келген. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова айтты. Оның сөзінше, биыл бізге клиникалық белгілері бар басқа елдерден және өңірлерден келген азаматтар туралы 11 ақпарат келіп түскен. Ал Тайландтан келген Ресей азаматында «Денге» безгегі анықталған.