Русский Сайттың толық нұсқасы

Мусин интернет операторларына 4 млрд теңгеге айыппұл салмақ

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2023
  • 755

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет операторларына жыл соңына дейін 4 млрд теңге айыппұл салуға уәде берді.

«Айыппұлдар өте төмен болған кезде (операторлар – ред.) одан қорықпайтын. 2020 жылы біз 100 млн теңгеге дейін ғана айыппұл жазып бергенбіз. Ал биыл жарты жылдың өзінде 1,5 млрд теңгенің айыппұлын жаздық. Жыл аяғына дейін 4 млрд теңгедей анық болады, мен уәде беремін. Бұл – олардың қалтасына айтарлықтай салмақ. Сондықтан олар ойланып, белгілі бір нақты шаралар ұсына бастады», - деді Бағдат Мусин.

Оның пайымынша, министрлік айыппұлды көтерген соң операторлар да тарифті көтерді деген түсінік – жаңсақ.

«Тарифті біржақты тәртіппен көтеру мәселесі тұрған жоқ. Мәселе инвестицияның бар-жоғында. Айыппұлды көтеріп едік, олар сапаны көтеру керектігін түсінді», - деді министр.