Шымкентте 10 жасар бала субұрқақта тұншығып, көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, ойын баласы қалалық әкімдіктің алдындағы фонтанда шомылып жүрген. Тереңдігі 1 метрден асатын субұрқаққа жеткіншек қатарластарымен бірге секірген көрінеді. Қас пен көздің арасында су жұтып қойған балаға жедел жәрдем қызметі шақыртылғанымен кеш болды дейді сол маңда болғандар. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерінің дерегінше, жеткіншек ата-анасының қарауынсыз шомылып жүрген.
Нұржан ҚАРАКӨЗОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
2013-ші жылғы бүлдіршініміз суға шомылу барысында өзінің жүзу қағидаларын білмеуінен оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда полиция департаментімен сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Айта кетейік, Шымкентте жалпы 32 субұрқақ бар. Оның 25-і бүгінде жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері мегаполисте бес жасөспірім тұрғын үй маңындағы жасанды бассейндер мен субұрқаққа түсіп, түрлі жағдайда тұншығып қайтыс болған.