Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰБТ-дан жоғары балл жинауға көмектескен күдіктілер ұсталды

Ұлттық біріңғай тестілеуде жоғары балл жинауға көмектескен күдіктілер ұсталды. Ақшаға балл сатқандар - Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облысындағы тестілеу орталығының қызметкерлері. Күдіктілер білім бағалау процессіне араласып, талапкер мен педагогтердің компьютеріне қашықтан қосылған. Осылайша талапкерлерге тесттен жоғары нәтиже жинап берген. Негізгі үш күдікті 19-шілдеде ұсталды. Тінту барысында қашықтан қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазір тергеп-тексеру амалдары басталды. Былтыр да Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған ұқсас қылмыс жасаған 6 адамды жауапкершілікке тартқан еді.