Қостанай облыстық балалар ауруханасы алты жылдан бері қомақты қарызынан құтыла алмай келеді. Қазіргі таңда кредиторлық берешегі 600 миллион теңгеден асқан. Тек коммуналдық мекемелерге 200 миллилон теңге қарызы бар. Одан құтылу үшінде кемінде 5 жыл және ай сайын 10 миллион теңге табыс табуымыз керек дейді ақ халаттылар.
Нұрлан ЕРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Бюджеттік өтінім бердік. Басқармаға.Олар енді ары қарай мәслихаттың сессиясына жібереді. Бірақ одан қандай нәтиже болары беглсізі.
Қаржылық қиындықтарға қарамастан аурухана басшылығы дәрігерлер айлығын дер кезінде беруге тырысып келеді. Науқастарды да дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отыр. Данагүл екі айдан бері кішкентай сәбиімен емделіп жатқанын айтады. Ешқандай тапшылық көрмепті.
Данагүл ЕЛАМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Ешқандай шағым жоқ. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп жатыр. Ешқандай қиындық көрген жоқпыз.
Аурухананың есеп-шоты бұғатталған. Тіпті дәрігерлердің еңбек демалысына берілетін ақша төленбеген. Алайда аурухана ұжымы түсіністік танытып, шу көтеріп жатқан жоқ. Қажетті дәрі-дәрмек және өзге де керек-жарақты тағы қарызға алып жатырмыз дейді мекеме басшылығы. Ал қаражат мәселесі облыстық мәслихат сессиясында шешіледі. Егер бюджеттен ақша бөлінбесе қазан айына қарай дәрігерлер мүлдем айлықсыз қалуы мүмкін.