Русский Сайттың толық нұсқасы

Алина "Хома" Ким: Жұлдыз ауруына шалдыққаным рас

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2023
  • 764

ARU LIFE жобасының жаңа қонағы – TikТok аудиториясына Хомяк немесе Хома лақап атымен танымал қазақстандық блогер Алина Ким. Оның ерекше стилі – бойжеткен түрлі мимикасын, әр алуан авторлық "фишкаларын" көрсететін қысқа видеолар мен заманауи трендтерден қалмауы. ARU LIFE жобасының серіктесі – Аltel ұялы байланыс операторы.

Бойжеткен өзін қысқа ғана, қарапайым таныстырды:

"20 жастамын. Қазіргі уақытта блогермін, артист, тиктокер, медиа тұлға және жас актрисамын. Жақын арада "Таргет" сериалында дебютым болғалы жатыр", - деп, бірден жаңалығын да бөлісті. Қазіргі уақытта Алина уақытының басым бөлігін сериалдың түсіріліміне арнап жүр. Сюжетке спойлер жасағысы келмей, блогер жоба жайында қысқаша мәлімет берді – оның сериалдағы рөлі басты да емес, қосалқы да емес – бас кейіпкердің жан құрбысының бейнесін сомдайды.

TikТok аудиториясы Алинаның біраз уақыт YOLO house құрамында болғанын біледі, алайда қазір ол хаус мүшесі емес. Хаустан неліктен кеткені жайында оқушы қыз былай жауап берді,-деп жазады  Tengrinews.kz.

"Еш нәрсеге үлгермей жүрдім, Yolo-House мүшелерімен бірге жұмыс істеуге уақыт жетпеді. Өйткені жыл басында онда кірген кезде мектепте қатар оқып жүрдім, назарымды бір нәрсеге бұру қиын болды. Шаршап келіп, құлайтынмын. Бірден түсірілімге шақыратын, тез барып, жылдам боянып, киімімді ауыстыра салып, түсіретінбіз. 11-сыныпты мүлдем оқымадым десе де болады. Өйткені жаңа жобалар, ұсыныстар, серіктестіктер пайда болды. Шынымды айтсам, оқудан гөрі, сол қызықтырақ болды".

Хома YOLO house-тағы өмірі туралы қуана айтып берді. Бұл жобада біраз нәрсе үйреніп, жаңа өмірге қадам басуына үлкен мүмкіндік бергенін атап өтті.

"Yolo-House-қа шақырған кезде алғашында қатты күмәндандым. Өйткені, бұл бағыт жаңадан ашылып жатқан кез еді. Жауап беруге асықпадым, сондықтан продюсерлер мен үшін шешім қабылдап қойды. Топқа қосып қойып, "сағат осыншада, киім-кешегіңді алып, осы жерге кел" деп жазды. Мен "жарайды" дедім. Байқап көрдім, ұнады. Балалармен бірге бір жарым-екі жылдай бір үйде тұрдық. Көп нәрсе үйрендім. Адамдармен араласу, тіл табысу, мәмілеге келу, команда ойыншысы болуды үйрендім. Продюсерлер тарапынан да контент жағынан көп көмек болды. Тәртіп жағынан қатаң талаптар қойды, бізде тәртіп болмайтын", - дейді Алина атақты TikTok-жобаға қатысуы жайында.

Алина Кимнің YOLO house жобасына қосылуын ата-анасы да қолдаған. Ал бойжеткеннің команда құрамынан шығатыны туралы жаңалықты естіген кезде, бәрі абдырап қалған, бірақ түсініп, қабылдапты.

"Балалар ренжіген жоқ. Олар мені жақсы түсінді, өйткені мен бірде бармын, бірде жоқпын, біресе қонып, біресе қонбай жүрдім. Ол ырғақтан өзім де шаршап кеттім", - дейлі ол.

Бір күні Хома нағыз атақты адам болып оянды – бойжеткен сол сәтте блогер ретінде мега-танымал болғанын және медиа тұлғаға айналғанын түсінген.

"Шетелге шығып, шетелдіктер мені тани бастаған кезде шығар. Мені шет мемлекеттерге басқа жобаларға шақыра бастады. Сол сәтте түсінген сияқтымын. Жұлдыз ауруына шалдыққаным рас, бірақ продюсеріміз өте қатал адам болатын. Бізге жұмысты үйіп беріп, шарықтап кетсек, сабамызға келтіріп отыратын", - деп түйіндеді блогер.

ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы. Аltel Қазақстанда 5G технологиясын белсенді дамытуда.