Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай соты пара алған шенеунікті өлім жазасына кесті

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2023
  • 868

Ханчжоу коммунистік партия комитетінің бұрынғы басшысы Чжоу Цзяньён 182 миллион юань (25 миллион долларға тең) пара алды деген айыппен өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу нәтижесінде Чжоу Цзяньённің жер мәселесін шешіп, құрылыс жобаларын жасау үшін ұйымдар мен жеке тұлғалардан пара алғаны анықталды. Шенеунік сыбайлас жемқорлық әрекетін 2001 жылы аудан әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тұрған кезде бастаған.

Басылым 56 жастағы бұрынғы партия қызметкерінің өлім жазасы екі жылдық сынақ мерзімімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы ықтимал деп жазады. Сондай-ақ өмір бойына саяси құқықтарынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.