Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысының тұрғынынан 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді

Жамбыл облысының тұрғынынан 125 түп қарасора мен кептірілген марихуана тәркіленді. Өз ауласында есірткі еккен азамат көлеңкелі кәсіптің көрігін қыздырған. Бақшасын есірткі плантанциясына айналдырған тұлға Тараз қаласының тумасы 45 жаста. Полиция департаменті «Дәрмек» және «Қарасора 2023» арнайы алдын алу іс шарасын өткізу барысында оны қолға түсірді. Әккі бақташы қарасораны жүгері арасына отырғызып, сырт көзге тасада ұстаған. Тінту барысында үйдегі картон қораптан жалпы салмағы 36 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты, ал бақшадағы егілген жүгерінің арасынан жалпы салмағы 36,1 келі болатын 125 түп қарасора табылды.

Құндыз БӨГЕНБАЕВА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бап үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.