Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұялы телефон арқылы төлем жасауға тыйым салынды

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2023
  • 1500

Қазақстанда сатып алынған тауар ақысын мобильді аударымдар арқылы қабылдауға тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа қаржы министрі қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24.kz арнасының мәліметінше, салық кодексіне сәйкес барлық төлем бақылау-кассалық машиналарды қолдану арқылы жасалуға тиіс.

Қаржы министрлігі бірнеше жылдан бері кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сонымен қатар банк қосымшасындағы QR-код арқылы мобильді төлем жасауға рұқсат етілген.

Ал егер POS-терминалмен төлемді қабылдамаса және ақшаны аударуды талап етсе, шағымдануға болады – ондай кәсіпкерге айыппұл салынады.