Русский Сайттың толық нұсқасы

Долларды қолдан жасап, есірткі сатумен айналысқан Шымкенттегі қылмыстық топ ұсталды

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2023
  • 967

ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласында аса ірі көлемде жалған шетел валютасы мен есірткі заттарын сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тінту кезінде жалпы құны 23 100 АҚШ долларын болатын жалған банкноттар, сонымен қатар жалпы салмағы 6 келі оралған гашиш табылып, тәркіленді.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Шымкенттің екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.