Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұз ГРЭС-інің үшінші энергетикалық блогының құрылысы уақытша тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2016
  • 2950

Екібастұз ГРЭС-інің үшінші энергетикалық блогында құрылыс уақытша тоқтады. Жоба 2-3 жылдан соң қайта жандануы мүмкін. Өйткені аймақта электр энергиясының шамадан тым артық екені анықталған. Бұл туралы «Астана» телеарнасының тілшісіне энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. Сонымен қатар Балқаш жылу электр станциясының құрылысына қатысты ахуалды да түсіндіре кетті. Айтуынша, кәрістер жобадан кетіп жатқан жоқ.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

Кеше ғана біз кәрістерге шақырту жібердік. Олармен жобаны арзандату бойынша келіссөз жүргізуді жоспарлап отырмыз. Жобаны арзандату керек. Мәселе осында. Ал қаншаға екені келіссөздерден кейін белгілі болады.

Мағзұм Мырзағалиев Қашаған мұнайына қатысты да дерегімен бөлісті. Айтуынша, кен орнынан коммерциялық мұнай әлі шықпаған. Бұған дейін министр Бозымбаев оның мерзімін қазанның аяғы, қарашаның басы деген болатын. Вице-министр жыл соңына дейін Қашағанның 500 мың тоннадай қара алтынын экспортқа жіберу жосапары барын айтты. Ал Қашаған тәулігіне 75 мың баррель өнімді тұрақты алған кезде "коммерциялық мұнай алынды" деп айтуға болады дейді.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

Коммерческая добыча әлі күнге дейін шыққан жоқ. Сондықтан болашақта шығамыз деп ойлап отырмыз. -Қашан шығады? - Енді ол белгісіз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ