Русский Сайттың толық нұсқасы

Руслан Күлекбаевқа қатысты сот үкімі осы аптада шығуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2016
  • 3625

Ал тапа тал түсте атыс ұйымдастырып, бірнеше адамды қырып салды деп айыпталған Руслан Күлекбаев бүгін сотты сыйламағаны үшін сот залынан қуылды. Бірақ қорғаушы тарап оның процеске қатысуы керектігін алға тартып, қайта кіргізуді өтінді. Адвокат Ғабит Құсайыновтың айтуынша, Күлекбаевтың судья "орыңнан тұр" деген кезде тұра алмауының себебі бар.

Ғабит Құсайынов, Руслан Күлекбаевтың адвокаты:

Операциядан кейін тұрып-отыруға қиын түсіп жатыр, менің түсінуімше, ол осыны айтып жатыр маған.

Алматыда Күлекбаевтың ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Шілденің 18-інде болған қанды қырғынның куəгерлері қайғылы оқиғаны бастан аяқ айтып берді. Әсіресе марқұм Ғани Нұрымановқа алғашқы көмек көрсеткен алматылықтардың түсініктемелері ерекше назарға ілікті. Жедел жəрдемнің келген уақыты туралы ақпар да әртүрлі.

Əсет Мантаев, марқұм Ғани Нұрымановтың бауыры:

Жедел жəрдемнің неге кешігіп келгенін білгіміз келеді. Куәгер Дмитриева жедел жәрдем 41 минут өткен соң келді десе, басқа кісі медицина қызметкерлерінің 5 минуттан кейін көмек көрсеткенін айтады. Біз прокурорлармен әрі қарай жұмыс істеп, бұл мәселенің түпкі себебін білуге тырысамыз.

Күлекбаев пен тағы 11 айыпталушыға қатысты сот үкімі қазанның 28-і күні шығуы мүмкін. Бұл жайында судья Ерлан Болатов хабарлады.