Русский Сайттың толық нұсқасы

Шілденің соңғы күні ауа райы қандай болады?

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2023
  • 750

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 31 шілдеде 17 өңірде аптап ыстық болатынын және өрт қаупі бар екенін болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілде-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте 31 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілде-02 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілде-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 31 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 31 шілдеде-02 тамызда күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус сақталады. 31 шілдеде-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.