Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда үш жасар бала шұңқырға түсіп кетті

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2023
  • 918

Оралда үш жасар бала шұңқырға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

БҚО ТЖД өкілдерінің мәліметінше, оқиға 27 шілдеде сағат 21:00 шамасында болған. Қонаев ықшамауданындағы №51 үйдің ауласында құтқарушылар шұңқырдан үш жасар баланың қолын алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, бала аулада ойнап жүрген кезде ойыншығы трансформатордың жанындағы шұңқырға түсіп кеткен. Соны алмақшы болған баланың қолы қалды. Жанынан өтіп бара жатқан көршісі жедел жәрдем шақырған.

"Бала ұйықтап жатқандай тыныш жатты. Жақын жерде ата-анасы болды, жақын маңда дәрігерлер мен полицейлер кезекшілікте болды. Артынша құтқарушылар келді, олар қолын тез шығарып алды, бала жылап та үлгермеді", - дейді көпқабатты үйдің тұрғыны.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, бала жарақат алмаған. Ата-анасы ауруханада емделуден бас тартты.