Русский Сайттың толық нұсқасы

Әкесі туғанына екі күн болған қызын сатқысы келген

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2023
  • 791

Сурхандария облысының Ангора ауданында ер адам туғанына екі күн болған қызын 35 миллион сомға сатуға тырысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Құқық қорғау органдарына оның көршісі хабарлаған. Оның сөзінше, 54 жастағы ер адам 17 шілдеде туған қызын 35 миллион сомға сатпақ болған. Ол төрт жыл бойы 29 жастағы әйелімен азаматтық некеде тұрған.

Басылым мәліметінше, қыздың әкесі 19 шілдеде сағат 21:00 шамасында қамауға алынған. Ол 1,4 мың доллар және 10 миллион сом алып жатқан уақытта өз үйінде ұсталған.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабы 3-бөлігінің "а" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.