Алматының Ақкент шағын ауданындағы көпқабатты үйден шыққан өрттен зардап шеккен бір әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, барлығы 43 адам зардап шеккен. 4 бала жансақтауда жатыр, тағы төртеуі медициналық көмектен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты.
"12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек берілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты. Бір әйел көптеген жарақаттан қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Кейбір тұрғындарға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.