Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қатты ештеңе болған жоқ". Әнші тойдағы жалаға жауап берді

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2023
  • 812

Әнші Ұланғасыр Қамиев мас күйінде соққыға жығылмағанын айтып, бейненің өтірік екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске салайық, 29 шілдеде Жетісу облысы Үшарал қаласында ішімдікке мас күйдегі әртіс қонақтарымен төбелесіп қалды.

 Әлеуметтік желіде әншінің Ұланғасыр Қамиев екені туралы пікір тараған еді.

Ұланғасыр Қамиев бейненің өтірігі мен расы бар екенін айтып, жоққа шығарды.

"Графиктің тығыздығына байланысты кеше қайда болғаным есімде жоқ. Бүгін Арқалық қаласына келдік. Бұл жаққа жол ұзақ екен. Жолда байланыс ұстамады. Жолдан келіп қоссақ, желіде мен туралы шулап кетіпті. Дос-жаран, туған-туыстардың бәрі “не болды”, “қалың қалай” деп сұрады. Қазір жағдай жақсы, шүкір. Бейнедегідей қатты ештеңе болған жоқ. Біздің етіміз үйреніп қалған шығар. Ондай бейнелерге сенудің керегі жоқ. Оның расы мен өтірігі бар. Қазір бәрі жақсы. Әсіресе, желіде таратушы сайттардың иелері аман болыңыздар", – деп жауап берді Ұланғасыр Қамиев.