Русский Сайттың толық нұсқасы

Денсаулық министрлігі Қарағандыда уланған балалар туралы: клиникалық белгілер тамақтан улануға тән емес

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2023
  • 1324

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысының әкімімен және ҚР ДСМ жетекші мамандар тобымен Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тоғыз тәрбиеленуші баласы уланып түскен облыстық клиникалық аурухананың Инфекциялық орталығына барды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, А. Ғиният жағдайы ауыр төрт пациент жатқан қарқынды реанимация бөлімшесінде болды. Олардың барлығы өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосылған. Осы клиникада 10-15 жас аралығындағы тағы бес бала нейробоксирленген бөлімшеге жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланып отыр.

Одан әрі ведомство басшысы реанимация бөлімшесінде медициналық-әлеуметтік мекемеден түскен тағы екі пациент жатқан қалалық балалар ауруханасына барды.

Министр өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен бірлесіп медициналық көмек көрсету жағдайларын қарап, емдеу процесін және балалар ауруының себептерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізуді бақылауға алды.

Мамандардың айтуынша, анықталған санитариялық-гигиеналық бұзушылықтар балалардың жекелеген тобының жіті ішек инфекцияларын (ЖІИ) тудыруы мүмкін емес. Пациенттердегі клиникалық белгілер тамақтан улануға тән емес, мұнда қайта-қайта құсу, іштің жиі өтуі, кейде қан аралас іштің өтуі, сусыздану байқалады.

ЖІИ үшін эпидепроцесс көріністерінің тән спектрі жоқ: қысқа уақыт ішінде жағдайлардың жаппай тіркелуі, барлық жастағы адамдардың, әсіресе жас балалар мен барынша әлсіреген балалардың инфекцияға бейімділігі, порцияның көлеміне және жұқтырған агенттің алынған дозасына қарай бір өнімді тұтынумен байланысы.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қарағандыда өткен брифингте журналистердің зардап шеккен балалардың жағдайы, пациенттерге медициналық көмек көрсету барысы туралы сұрақтарына жауап берді.

Бүгінгі таңда тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды, оның нәтижелері бойынша болған оқиғаның себебі бойынша ресми ақпарат алынады.

Балалардың жағдайы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Қажетіне қарай консилиумдар, елдің жетекші бейінді клиникаларымен телемедициналық консультациялар өткізілетін болады.

Қажет болған жағдайда балаларды республикалық ұйымдарға ауыстыру жүзеге асырылады.