Русский Сайттың толық нұсқасы

Актриса Мадина Оспанова ұлының 2 жасқа толғанын тойлады

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2023
  • 1533

Отандық актриса Мадина Оспанова жанұясымен ұлының екі жасқа толған туған күнін атап өтті. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында айтып, отбасылық суретін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тұңғышымыздың 2 жасқа толған туған күнін атап өттік. Шүкір, отбасым", - деп жазды актриса өзі бөліскен суретке. Ал желі қолданушылары актриса мен отбасына бар жақсылықті тілеп, жылы лебіз білдірді.

"Табрисханның ғұмыры ұзақ болсын", "Енеңізге ұқсайды екенсіз", "Бақытты болыңыздар", "Үлкен азамат болсын", "Есімі ерекше екен", - деп жазды желідегілер.