Русский Сайттың толық нұсқасы

1 млн АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеуші сотқа тартылды – Антикор

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2023
  • 900

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша К. Алтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеп, Қарағанды облысындағы кен орнына жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен алдау арқылы 1 млн АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатын жымқыруға әрекет жасады деп айыпталуда.

«Айыпталушы К. Алтаев сотқа берілді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.