Түркияның Мугла провинциясының жағалауында магнитудасы 4,3 балдық жер сілкінісі болды.
Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайларды басқару агенттігі (AFAD) хабарлаған. Хабарламаға сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Датча ауданынан 225 шақырым қашықтықта, Жерорта теңізінде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 6,94 шақырым тереңдікте болған.