Русский Сайттың толық нұсқасы

«Үйін тартып алған»: Шымкентте алаяқтық әшкереленді

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2023
  • 846

Ол өз шағымында, 2 жыл бұрын банкте кепілде тұрған үйді сатып алғанын, сатушыға 2 млн теңге қолма-қол беріп, 9,5 млн теңге кепіл несиені өзі өтеуге келіскенін жеткізді.

Үй иесі несиені толық төлеп болған соң, жылжымайтын мүлікті сатып алушының атына аударып беремін деп сендірген. Қарыз өтелген соң сатушы сөзінен айнып, оны үйден шықпай жатыр деп сотқа берген.

Нәтижесінде сот, үйді босату туралы шешім шығарды. 2 баласымен далада қалған әйел алаяққа алданғанын түсініп, Тұран АПБ-ға арызданды. Істі анықтау бөлімінің бастығы Өмірбек Дәулет және анықтаушы Ортай Абзал назарға алып, оқиғаның мән-жайын нақтылауға кірісті.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190 бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тергеу барысында баспананың заңды иесінен және банк қызметкерлерінен жауап алынды. Ер адам өз кінәсін толық мойындап, үйді сатып алушының атына аударып берді. Нәтижесінде, екі тарап өзара келісімге келіп, жәбірленуші арызын кері қайтарып алу туралы өтініш жазды», – дейді Тұран АПБ-ның анықтаушысы Абзал Ортай. Арызданған әйел тәртіп сақшыларының кәсібилігі мен адалдығына алғыс білдірді.