Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда 39 жастағы ер азамат туған анасын өлтірді

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2023
  • 808

3 тамыз күні түскі сағат 12:56 шамасында БҚО ПД Кезекші бөліміне Школьная көшесінде орналасқан пәтердің есік алдында үй иесінің денесінің жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

“Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері барып, 60 жастағы әйел адамның мәйітін тапты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ізін суытпай осы іске күдікті ретінде 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды”, деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды. Оқиғаның болжамды себебі отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде болған.

Ер адам ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК 99-бабы бойынша айыпталушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.