Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында лагерьде демалып жатқан 400-ге жуық бала мерзімінен бұрын үйіне қайтарылды

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2023
  • 802

Түркістан облысындағы лагерьлерден 400-ге жуық бала мерзімінен бұрын үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас прокуратура тапсырмасына сәйкес балаларды сауықтыру лагерлерінің жұмысына тексеру жүргізіліп жатыр.

Түркістан облыстық прокуратурасы да аталған бағыт бойынша біршама демалыс аймақтарынан кемшіліктер тапты.

Яғни, балалар лагерьлерінің иелері заң бұзылуына жол бергені белгілі болды.

Әзірге Мақтаарал, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Шымкент қаласынан Түлкібас ауданына демалуға келген 400-ге жуық бала үйлеріне қайтарылды.

«Түлкібас ауданындағы Келтемашат ауылында орналасқан «Жансая» балаларды сауықтыру лагерінде прокурорлық тексеру барысында біршама заңбұзушылықтар анықталды. Аталған лагерьдің жұмысы заңнама талаптарына толық сәйкес келмейтіндігі белгілі болды. Сол секілді заңды сақтамаған тағы 3 балаларды сауықтыру лагері анықталып, олардың жұмысын тоқтатуға бағытталған шаралар қолға алынып жатыр. Аталған бағытта тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады» делінген Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.