Русский Сайттың толық нұсқасы

Мақпал Исабекова не себепті әріптестерімен араласуын тоқтатқанын айтты

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2023
  • 2301

Отандық әнші Мақпал Исабекова әріптестері жиналған жиында бой көрсетпеуінің себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқырманның: “Сізді неге Әсел Сәдуақасованың тойына шақырмады? Дәл сол күні сіздің көңіл күйіңіз болған жоқ” деген сауалына өнер иесі: “Сіздің бұл сұрағыңызға жауап бере алмаймын. Қатты білгіңіз келіп бара жатса, бұл сұрақты маған емес, өзіне қойыңыз”, – деп жауап берді.

Тұрмысқа шыққалы Мақпал Исабекова өнердегі әріптестерімен жиі бас қосуды қойды. Желі қолданушылары мұның себебін білгісі келіп, түрлі сауал жолдаған. Ал әнші оларға бір ауыздан жауап беруді жөн көрді.

“Сіз неге анаумен сөйлеспейсіз? Мынаумен неге достық қарым-қатынаста емессіз? Олармен араласпайсыз ба? Ұрысып қалдыңыздар ма?” деген сынды сұрақтар өте көп. Құрметтілерім, менің біреумен дос болсам, оны әлеуметтік желіге салып, дәлелдемеймін. Иә, мен сыртқа жиі шықпаймын, адамдармен араласуым сиреп кетті. Бұған дейін де желіде белсенді емес едім. Менің кішкентай балам бар және мен оған керекпін. Өтініш, бәрін бір қалыпқа салуға тырыспаңыздаршы. Шынайы достықта ол адамның әрдайым сенің жаныңда екенін білесің. Ол тіпті алыста болса да біз хабар алысамыз. Ол адаммен кез келген уақытта тілдесе аламын. Менде жағдай осындай”, – деп жазды Мақпал Исабекова.