Сабиркин лақап атымен танылған блогер Сабира Жарасовна өткенін еске алды. 19 жасында тұрмысқа шыққан бойжеткен алғашқыда некеге әкесі қарсы болғанын жеткізді. Бұл туралы ол "Мамский әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Танымал блогер Сабира тұрмысқа шығатынын хабарлаған кезде, туысқандарының бәрі таңқалғанын тіпті рұқсатын бермегенін жеткізді.
"Менің тұрмысқа шығуыма бүкіл әлем қарсы болды. Негізі болады ғой. Бұл қыз әлі, тұрмысқа шықпайды-ау, бұл қыз карьера қуады деген қыздардың қатарында болдым. Бәрі үшін шок болды. Ол әлі бала ғой деген туысқандар арасында сөздер көп болды, өте қатты таңқалды",- дейді ол.
Блогердің айтуынша қызының тұрмысқа шығуына әкесі тікелей қарсы болып тіпті 1 ай бойы сөйлеспей қойған.
"Менің әкем тұрмысқа шығып болғаннан кейін 1 айдан кейін ғана сөйлесіп бастады. Мен ол кісімен ол менімен сөйлескен жоқ. Барлық әңгіме анамыздың арасында жүрді. Бірақ мен кеткенше мені иіскеп, сүйіп жүрді. Әкем үшін бұл қатты соққы болды. Ұрысса да анам арқылы ұрысып жіберіп, ол кісі тікелей маған айтуға батпады. Менде батпадым. Қатты уайымға салынып әкем қартайып кетті. Менің балалықпен айтқан сөзім де болды. Ата-анама мені күйеуге бермесеңдер, мен қашып кетемін деп. Демек мен қатты ғашық болғанмын. Өзімде қатты өзіме таңқалдым. Үйдің еркесі болып жүріп, қалай келін атандым. Бұл махаббат. Жолдасым менен 6 жас үлкен болды. Жасқа да, басқаға да қарсы болды. Менің күйеуім сенің ата-анаңмен танысайын, алдынан өтейін еш уайымға салынбасын деп. Солай таныстық, кездесу орын алды. Содан қарсы болған жоқ ешкім",- дейді Сабира Жарасовна.